03 жел, 2020 сағат 07:15

2021 жылғы қаңтардағы депозит бойынша сыйақы мөлшерлемесі бекітілді

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың қаңтар айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін бекітті. Олар бұрынғы деңгейінде сақталды. Бұл туралы Қордың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстанның Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесінің мәні қайта қаралмағандықтан, қысқа мерзімді депозиттер бойынша ұсынылатын максималды мөлшерлемелер өзгеріссіз қалады. Олар базалық мөлшерлемеге сәйкестендірілгендігін айта кеткен жөн. Сондай-ақ нарықтық трендтер негізінде есептелетін ұзақ мерзімді депозиттер бойынша мөлшерлемелер де сақталды. Толықтыру құқығы жоқ, 12 айға арналған жинақ салымдар теңгелік депозиттер ішінде ең абыстысы болып қала бермек – 14%», - делінген хабарламада. 

Айта кетсек, жинақ депозиттердің ерекше өзшеліктерінің бірі – мерзімінен бұрын ақша алуға қатаң шектеу қойылғандығында. Сол үшін де банктер олар бойынша ең жоғары мөлшерлемелер ұсынады. Одан басқа, теңгедегі жинақ депозиттер бойынша 15 млн теңге көлемінде жоғары кепілдік сомасы қарастырылған.