01 қыр, 2020 сағат 09:15

2021 жылдан мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту шешімін қабылдадым - Тоқаев

2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. Соған байланысты 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым» , - деді Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта беретінін айтты. 

«Бұл мақсатқа алдағы үш жылда 1,2 трлн теңге бөлінеді», - деді Тоқаев.