2020 жылдан бастап зейнетақы, әлеуметтік төлемдер және жәрдемақылар көлемі өседі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес, Қазақстанда 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы, әлеуметтік төлемдер және жәрдемақылар артатын болады. Ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалады және 42 500 теңгені құрайды», - делінген министрлік мәліметінде.
Белгілі болғандай, ең төменгі күнкөріс деңгейі 1500 теңгеге артып, 31 183 теңгені құрайды.
«2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы 7 пайызға өседі, бұл ретте оның ең төменгі мөлшері 38 636 теңгені құрайды. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 5 пайызға ұлғаяды, оның ең төменгі мөлшері 16 839 теңге болады», - деп аталып өткен ведомство хабарламасында.