#
#
Дүйсенбі 13/07/2020

2020 жылы салықтарды қолма-қол ақшасыз төлеу деңгейі 90 пайызға жеткізілмек

  • 28.05.2020
  • 0
  • 234

ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті 2020 жылы бюджетке салықтарды қолма-қол ақшасыз төлеу деңгейін 90 пайызға жеткізуді көздеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Қаржы министрлігі «Бүгінгі таңда мемлекеттік кірістер органдары көрсетілетін қызметтерді цифрландырудың, кейінгі жылдары бюджетке қолма-қол ақшасыз төлем жасаудың ыңғайлы және қарапайым сервистерін жүзеге асыру үшін іс-шаралар жүргізуде. 2019 жылдың қорытындысы бойынша бюджетке қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 80 пайызды құрады. 2020 жылы салықтарды қолма-қол ақшасыз төлеу деңгейін 90 пайызға дейін арттыру жоспарлануда. Осы көрсеткішке қол жеткізу үшін мемлекеттік кірістер комитеті бюджетке салық төлеудің ыңғайлы және қарапайым қызметтерін іске қосты», - дейді ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Талғат Мамаев. 

Оның айтуынша, бұл сервистер - салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу, берешек сомасы, алдағы төлемдер және салық әмияны. Оларды әртүрлі интернет алаңдарда пайдалануға болады. 

«2018 жылдың шілде айынан бастап салық төлеушілер салық мөлшерін мемлекеттік кірістер комитетінің мобильді қосымшасы мен екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары, электронды үкімет порталында бақылап, төлей алады. 2019 жылдың қыркүйегінен бастап бұл порталдар мен аталған мобильді қосымшаларда жеке тұлғалар мүлік, жер учаскесі, көлік құралдары, жеке табыс бойынша алдағы салықтарды төлеу мүмкіндігіне ие болды. Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы төленген салық туралы мәлімет мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесіне 2 минуттың ішінде келіп түседі. Бұрын бұл ақпарат 2-3 күнде бір-ақ түсетін. Уақытты осындай қысқа мерзімге қысқарту арқылы тауар шығару үшін қажетті бұрынғыдай құжаттарды талап етпеуге, бюджеттегі шоттың жайы туралы маңызды мәліметтерді ұсынуға, өсімақы салмауға, шоттарды бұғаттан тез босатуға мүмкіндік берді», - деді ол.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар