15 там, 2020 сағат 15:28

2020 жылғы білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды

Қазақстан білім және ғылым министрлігі 2020-2021 оқу жылына арналған білім беру гранттарын бөлу нәтижесін жариялады.  

Биыл 80 мыңнан астам адам мемлекеттік білім грантын алуға үміткер болды. Оның ішінде 53 мың (51 164 грант + медицина мамандығына 2700) қазақстандық талапкер бакалавриат деңгейінде мемлекет есебінен тегін оқуға мүмкіндік алды.

2020-2021 оқу жылында "Ақпараттық технологиялар" мамандығына ең көп грант бөлінді – 2 468. Бүгінгі таңда болашақ IT мамандары еліміздің 49 жоғары оқу орнында білім алып жатыр.

Магистратураға 13 300 грант, докторантураға 2 355 білім гранты бөлінді.

2020 жылғы білім гранты иегерлерінің толық тізімін мына жерден тікелей жүктеуге болады. 

Cондай-ақ өз фамилияңыздың тізімде бар-жоғын мына жерден тексере аласыз (ЖСН және ТЖК/ИКТ кодын теру керек):

Гранттар тізімі - 2020 қазақ тілінде

Гранттар тізімі - 2020 орыс тілінде 

Ескерту! zip-архив папкаларын қарау үшін арнайы бағдарлама керек болуы мүмкін.

Айта кетейік, гранттар тізімі мен басқа да мәліметтерді Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан және  Instagram желісіндегі testcenterkz парақшасынан білуге болады.

сурет: Tenginews.kz порталы