20 там, 2016 сағат 10:12

20 тамыз. Бүгін қазақстандық спортшылардан кімдер шығады?

Бүгін, яғни 20 тамыз күні қазақстандықтар Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында спорттың 4 түрінен бақ сынайды. Назарларыңызға осы күні сынға түсетін қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін ұсынамыз.

Жанкүйерлер Олимпиада құрамасының ту ұстары болған таеквондошы Руслан Жапаровтың жекпе-жектерін көре алады. Мұнымен қатар, еркін күрестен Аслан Кахидзе мен Дәулет Шабанбай медальдарға таласады. Ескек есушілер мен бессайысшылардың да жарысы бүгін жалғаспақ. 

Байдарка мен каноэда ескек есу. Спринт. Әйелдер. Байдарка-төрттік. 500 метр. Жұбаныш финалы.
Зоя Ананченко, Ирина Подойникова, Наталья Сергеева, Инна Клинова
Басталуы Астана уақытымен 18.40-та. 

Еркін күрес. Ерлер. 86 келіге дейін. Іріктеу кезеңі.
Аслан Кахидзе
Басталуы 19.00-де. Тікелей эфир. (KazSport)

Байдарка мен каноэда ескек есу. Спринт. Ерлер. Байдарка-төрттік. 1000 метр. Жұбаныш финалы.
Илья Голендов, Сергей Токарницкий, Александр Емельянов, Андрей Ергучев
Басталуы 19.04-те.

Еркін күрес. Ерлер. 125 келіге дейін. 1/8 финал.
Дәулет Шабанбай.
Басталуы 19.40-та. Тікелей эфир. (KazSport)

Қазіргі бессайыс. Ерлер. Жүзу. 
Павел Ильяшенко
Басталуы 21.00-де.

Таеквандо. Ерлер. 80 келіден жоғары. 1/8 финал. 
Руслан Жапаров. 
Басталуы: 21.45-те.

Ұлт порталы