Бүгін, яғни 18 тамыз күні қазақстандықтар Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында спорттың бірнеше түрінен бақ сынайды.
Бокстан 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан Әділбек Ниязымбетов Олимпиада алтынына таласады. Ол финалда кубалық боксшысы Хулио Сесар Ла Круспен жұдырықтасады.
Сондай-ақ еркін күрестен Гюзель Манюрова мен Екатерина Ларионова да бозкілем төрінде сынға түседі.
Назарларыңызға 18 тамыз күні жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін ұсынамыз.
Спорт түрі: Байдарка мен каноэда ескек есу. Спринт. Ерлер. Байдарка-жұптық. 1000 метр. Жұбаныш финалы
Спортшылар: Евгений Алексеев, Алексей Дергунов
Басталуы: сағат 18.00 (Астана уақытымен)
Спорт түрі: Байдарка мен каноэда ескек есу. Спринт. Ерлер. Каноэ-жекелей. 200 метр. Жұбаныш финалы
Спортшы: Тимур Хайдаров
Басталуы: сағат 18.16
Спорт түрі: Байдарка мен каноэда ескек есу. Спринт. Ерлер. Байдарка-жұптық. 200 метр. Жұбаныш финалы
Спортшылар: Андрей Ергучев, Сергей Токарницкий
Басталуы: сағат 18.40
Спорт түрі: Жеңіл атлетика. Ерлер. Ядро лақтыру. Іріктеу кезеңі
Спортшы: Иван Иванов
Басталуы: сағат 18.55
Спорт түрі: Қазіргі бессайыс. Әйелдер. Семсерлесу
Спортшы: Елена Потапенко
Басталуы: сағат 19.00
Спорт түрі: Еркін күрес. Әйелдер. 75 келіге дейінгі салмақта
Спортшы: Гюзель Манюрова
Басталуы: сағат 19.56. Тікелей эфир («KazSport»)
Спорт түрі: Еркін күрес. Әйелдер. 63 келіге дейінгі салмақта
Спортшы: Екатерина Ларионова
Басталуы: сағат 19.40. Тікелей эфир («KazSport»)
Спорт түрі: Жеңіл атлетика. Әйелдер. Эстафета 4 х100 метр
Спортшылар: Қазақстан құрамасы
Басталуы: сағат 20.20
Спорт түрі: Қазіргі бессайыс. Ерлер. Семсерлесу
Спортшылар: Павел Ильяшенко
Басталуы: сағат 23.30
Спорт түрі: Бокс. Ерлер (81 келіге дейін). Финал
Спортшы: Әділбек Ниязымбетов
Басталуы: Астана уақытымен сағат 00.30
Ұлт порталы