Америкалық Time журналының нұсқасы бойынша 16 жасар шведтік эко белсенді Грета Тунберг «Жыл адамы-2019» аталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" журналдың Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.
« Грета Тунберг Time нұсқасы бойынша 2019 жылдың «Жыл адамы» болды «, - деп хабарлады басылым.
Айта кетейік, 16 жасар Тунберг - әлем назарын климаттың өзгеруіне аударуға және саяси көшбасшыларды нақты жұмыс жасауға шақырып жүрген танымал белсенді.
Соңғы 16 ай ішінде Тунберг БҰҰ-да сөз сөйледі, Рим Папасы мен АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесті және 4 миллионға жуық адамды биылғы жылдың 20 қыркүйегінде климаттың өзгеруіне қарсы жаһандық шеруге шығуға қанаттандырыды. Бұл адамзат тарихындағы ең үлкен климаттық жиын болды.