Бүгін, яғни 16 тамыз күні қазақстандықтар Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында спорттың үш түрінен бақ сынайды. Олар: каноэ мен байдаркада ескек есу, жеңіл атлетика және бокс. Назарларыңызға осы күні сынға түсетін қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін ұсынамыз.
Каноэ мен байдаркада ескек есу. Спринт. Әйелдер. Екі адамдық. 500 метр. Финал
Ирина Подойникова, Наталья Сергеева
Басталуы сағат 18.23-те.
Каноэ мен байдаркада ескек есу. Спринт. Әйелдер. Жалғыз өнер көрсету. 200 метр. Финал
Инна Клинова
Басталуы сағат 18.47-де.
Жеңіл атлетика. Әйелдер. Кедергілермен 100 метр жүгіру. Іріктеу кезеңі
Анастасия Пилипенко
Басталуы сағат 20.05-те. Тікелей эфир (KazSport)
Бокс. Әйелдер 51 келіге дейін. Ширек финал
Жайна Шекербекова
Басталуы сағат 02.15-те. Тікелей эфир ("Хабар")
Бокс. 81 келіге дейін ерлер арасында. Жартылай финал
Әділбек Ниязымбетов
Басталуы сағат 03.30-да. Тікелей эфир ("Хабар")
Бокс. Ерлер 91 келіден аса салмақта. Ширек финал
Иван Дычко
Басталуы сағат 03.45-те. Тікелей эфир ("Хабар")
Ұлт порталы