06 там, 2020 сағат 14:52

1,57 млн қазақстандыққа 21 250 мың теңге төлем берілді

2 млн 198,7 мың қазақстандық 42 500 теңгелік біржолғы төлемді алды. Оның ішінде 1 млн 573,7 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы берілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

6 тамыз сағат 15.00-дегі жағдай бойынша шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 467 мың бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 198,7 мың қазақстандық алды, оның ішінде 1 млн 573,7 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

2 млн 467 мың өтінімнің ішінде:

– 835,4 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;

– 627,2 мың адам Egov.kz порталы және Telegram бот арқылы;

– 365 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 639,4 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 835,4 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);

– 220,9 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;

– 1 млн 410,7 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Төлем 2 млн 235,8 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 198,7 мың қазақстандыққа аударылды.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты МӘСҚ-тан біржолғы төлем алушыларға 0,5 ЕТЖ – 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы төленеді.

2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-тан біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.