Нью-Йоркте қатерлі ісік, ішкі қан кету, сепсис, испан тұмауынан аман қалған 102 жастағы Ангелина Фридман бүгінде коронавирусты да екі рет жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Report Door сайтына сілтеме жасап.
Фридман 1918 жылы Италиядан Нью-Йоркке иммигранттарды алып бара жатқан кемеде дүниеге келген, бұл испан тұмауы пандемиясы өршіп тұрған кез еді. Бірнеше жыл бұрын әйел аурудан қайтыс болған күйеуімен бір уақытта қатерлі ісікке шалдығып, дертін жеңіп шықты.
Оның қызы Джоан Мероланың айтуынша, Солтүстік Вестчестердегі қалпына келтіру және мейірбике ісі орталығында тұратын әйелде COVID-19 да анықталған. Алғаш рет наурызда ауруханаға кішігірім медициналық процедура үшін жеткізілген кезде жұқтырған. Кейін Фридман тест теріс нәтиже көрсетпейінше бірнеше апта вируспен күрескен.
Алғашқы COVID-19 диагнозынан алты ай өткен соң, қарттар үйінің тұрғындары мен қызметкерлері жаппай ауырып, әйел қайтадан вирус жұқтырған. Ал 17 қарашада сауығып шыққан.
"Анам аман қалды. Оның кезінде баласы да түсіп қалған, іштей қан кеткен, қатерлі ісікті де жеңді. Ол "адам" емес. Оның ДНҚ-сы ерекше", - дейді қызы Джоан Мерола анасының өмірге деген құштарлығын атап өтіп.
Бұған дейін 125 жасында 400 немере мен шөбере өсіріп отырған Түркия тұрғыны да коронавирусты жеңгені хабарланған болатын.
744 рет оқылды