26 қаң, 2022 сағат 10:30

«100 күн - 100 сұрақ» жобасы басталды - ДСМ


Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмектің сапасын жақсарту мақсатында қазақстандықтардан 100 күн бойы ұсыныстар қабылдайды. Бұл туралы ведомство басшысы Ажар Ғиният мәлім етті.

«Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» негізгі қағидаттарын іске асырудың маңыздылығын назарға ала отырып, Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың сауалдарына уақтылы және тез көңіл бөліп, ел азаматтарының өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі әлеуметтік саясаттың басым міндеттерін іске асыру бойынша бүкіл күш-жігерін жұмсайды.

​Соған байланысты, жұмыста ашықтық пен жариялылықты ұстанып, біздің азаматтарымыздың мүдделеріне басымдық бере отырып, бюрократиясыз, қарапайым азаматтардың, қоғам мүшелерінің қатысуымен сіздермен ашық диалог құру үшін қолдау көрсетуге шақырамыз және денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін «100 күн - 100 сұрақ» бірлескен жобасының басталғаны туралы хабарлаймыз. 

​Төменде көрсетілген әлеуметтік желілердегі аккаунттар мен электрондық поштаға медициналық көмектің сапасын жақсарту мен денсаулық сақтаудың басқа да аспектілері туралы өз ұсыныстарыңызды енгізуді сұраймын», - деп жазады министр. 

Денсаулық сақтау министрлігіне келесі байланыс тетіктері арқылы арыз-ұсыныс жолдауға болады: электронды пошта - 100dnei100voprosov@mail.kz; ресми сайт - https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru; әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар - https://instagram.com/healthcare.gov.kz?utm_medium=copy_linkhttps://www.facebook.com/MinzdravRK