26 қар, 2025 сағат 13:27

10 шетелдік азамат жүк көлігінің құрылыс материалдары арасына жасырынып, шекарадан өтпек болған


Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметкерлері Ақтөбе облысындағы «Жайсаң» автокөлік өткізу пунктінде заңсыз көші-қон әрекетін анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды Ult.kz.

Тексеру барысында жүк көлігінің құрылыс материалдары арасынан 10 шетелдік азамат табылған. Олар шекарадан заңсыз өтпек болған деген күдікке ілінді.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 24 және 394-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

ҰҚК Шекара қызметі азаматтарды шекара арқылы заңсыз өту схемаларына қатыспауға шақырып, мұндай құқық бұзушылықтың қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратынын ескертті.