08 ақп, 2021 сағат 10:45

1 жылда ішкі істер органдарында қанша бастық қызметінен қуылды?

Өткен жылы қарамағындағы қызметкері жемқорлыққа ұрынғаны үшін ішкі істер органдарынан 51 бастық қызметінен шығарылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Саданов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен жылы қарамағандағылардың жемқорлық әрекеті үшін түрлі деңгейдегі 51 бастық қызметінен шығарылып, 106-сының лауазымынан босатылды. Олардың ішінде департамент бастығының 4 орынбасары, облыстық басқарманың 24 бастығы және олардың орынбасары, 39 қалалық және аудандық бөлімдердің бастығы және басқалары бар», - деді департамент басшысы. 

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта бастықтардың өздерді қылмыстық әрекеттерді дер уақытында анықтау және олардың жолын кесуге мүдделік танытып, жауапкершіліктерін арттырып отыр. 

«Қарамағандағылар жемқорлыққа ұрынғаны үшін басшылардың отставкасы туралы заңнамаға сәйкес бұл шаралар толыққанды жүзеге асырылып жатыр», - деді Арман Саданов.