01 мау, 2020 сағат 10:12

1-сыныпқа құжат қабылдау басталды

Бүгін 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау басталды және ол 1 тамызға дейін жалғасады, - деп хабарлайды ҚР Білім және ғылыми министрлігінің Telegram парақшасында.

Құжаттарды тапсырудың үш жолы бар. Атап айтқанда, egov.kz арқылы, ХҚКО арқылы және қағаз түрінде мектепке тапсыруға болады.

Қажетті құжаттар тізімі мынадай:

Ата-ананың (немесе оларды алмастыратын тұлғалардың) өтініші;

Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

«Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

3х4 көлеміндегі 2 фото