Фото: prodengi.kz
"Отбасы банк" 1 мамырдан бастап жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қоспақ. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.
"Баспана әлеуметтік жағынан осал азаматтар үшін жылдық 7% және басқа санаттағы азаматтар үшін 9% мөлшермен 20% бастапқы жарнамен беріледі", - деді ол.
Мұның шеңберінде 300 млрд теңгеге 12 мың ипотекалық несие, одан кейін жыл сайын 200 миллиард теңгеден 8 мың несие беру жоспарлануда.
Ал кезекте тұрған азаматтарға 2 және 5% мөлшерлемен 81 млрд теңгеге 7 мың ипотекалық несие беріледі.
"Отау" ипотекалық бағдарламасы бойынша 9% 150 млрд теңгеге 8 мың ипотекалық несие беру көзделген.
Сондай-ақ "7-20-25" бағдарламасы бойынша 100 млрд теңгеге 5 мыңнан астам ипотекалық несие беріледі.