
Бүгін - мемлекеттік мереке - Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 1996 жылдан бастап атап өтіледі.
"1 мамыр" мейрамы еліміздегі ұлттар һәм ұлыстардың достығы мен татулығының, азаматтық келісімнің, 130-ға тарта халықтың ауызбірлігінің жарқын көрінісіне айналды. Қазақстан халқының бірлігі мерекесін жаңа тұрпатта тойлау қажеттігін, оны еліміздің басты мерекесіне айналдыру идеясын алғаш боп Мемлекет басшысы Н. Назарбаев көтерген болатын.
«Ынтымақ жүрген жерде, Ырыс бірге жүреді» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.
Бүгін «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған барлық ұлттық-мәдени орталық пен оның мүшелері мерекеде ән айтып, би билеп, бас алаңдарда әртүрлі дәстүр мен салтты әспеттейтін көріністер көрсетіледі. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар да йымдастырылады.
