20 мам, 2022 сағат 13:27

1 қыркүйектен бастап Қазақстан мектептерінде жаңа пән пайда болады

Фото:elements.envato.com

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов 1-қыркүйектен бастап Қазақстан мектептерінде жаңа пән пайда болатынын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Вице-премьер жас ұрпақты еңбекке баулудың маңызын атап өтті.

"Жаңа оқу жылында бірінші сыныптан бастап "еңбекке баулу" пәні енгізіледі. Жоба мектептер жанынан жылыжайлар ашуды көздейді. Қазірдің өзінде мектептердің 7 пайызға жуығы бұл тәжірибеден өтті. Сонымен қатар, биылдан бастап мектептерде педагог-кәсіптік бағдар беруші болады, ол оқушының болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі", - деді ол.

Бұған дейін қаңтар айынан бастап қазақстандық мектептерде бірінші сынып оқушылары үшін "цифрлық сауаттылық" пәні енгізілгені жарияланған.