Қазақстанда тағы 1186 адамнан коронавирус анықталды, олардың ПТР тесті оң шыққан. Көп науқас Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында тіркелген. Өткен тәулікте Алматыда – 318, Нұр-Сұлтанда – 307, Қарағанды облысында 100 науқас тіркелген. Қалған облыстар мен қалаларда анықталған науқастар жүзге жетпейді.
Тағы 57 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. 11 адам өлімі тіркелген. Бұл – 16 наурыз күнгі мәлімет. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пневмониясы мен адам өліміне қатысты екі күн бұрынғы мәліметті жариялап келеді.
Ресми мәлімет бойынша, елде коронавирус жұқтырғандар 227 953 адамға жеткен. 208,8 мыңы жазылған. 2 881 адам қайтыс болған.
Сондай-ақ, 18 наурыздағы мәлімет бойынша 19 871 адам короновирус инфекциясынан (16 191 КВИ+ және 3 680 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 5 603 пациент - стационарда, 14 268 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 236 адамның жағдайы ауыр;
• 65 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 39 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
2020 жылдың 1 тамызынан бері елде коронавирус пневмониясына жеке код беріліп, оған шалдыққандар бөлек есепке алынып келеді. Содан бері 49 896 адамға коронавирус пневмониясы жұққан. 659 адам қайтыс болған.
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан емес, "басқа аурудан қайтыс болды" делінген мыңға жуық адамның өлімін коронавирус статистикасына енгізбеген.
Аймақтар бойынша коронавирус жұқтырғандар саны:
Нұр-Сұлтан қаласы - 307, Алматы қаласы - 318, Шымкент қаласы - 23, Ақмола облысы - 55, Ақтөбе облысы - 32, Алматы облысы - 86, Атырау облысы - 38, Шығыс Қазақстан облысы - 18, Жамбыл облысы - 11, Батыс Қазақстан облысы - 64, Қарағанды облысы - 100, Қостанай облысы - 45, Қызылорда облысы - 4, Маңғыстау облысы - 8, Павлодар облысы - 44, Солтүстік Қазақстан облысы - 21, Түркістан облысы - 12.Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар 121 млн-нан асқан. Шамамен 68,6 млн адам жазылған, 2,67 млн адам қайтыс болған.