17 қаң, 2020 сағат 12:50

Украина Премьер-Министрі отставкаға өтініш берді

Украина Премьер-Министрі Алексей Гончарук отставкаға өтініш жазды, – деп хабарлайды Укринформ.

«Лауазымға Президенттің бағдарламасын орындау үшін келген едім. Ол мен үшін ашықтық пен адалдықтың үлгісі саналады. Алайда, Президентке деген біздің құрметіміз бен сенімімізге кез келген күдік тудырмау үшін отставкаға өтініш жазып, оны Парламентке шығару құқымен Президентке бердім», - деп жазды Алексей Гончарук Facebook парақшасында.

Ал Украина Президентінің кеңсесі Twitter парақшасында Премьер-Министр Алексей Гончаруктың отставкаға өтінішін Владимир Зеленскийдің алғанын хабарлады.

«Украина Президенті Премьер-Министр Алексей Гончаруктің отставкаға өтінішін алды. Мемлекет басшысы аталған өтінішті қарайды. Украина Президентінің кеңсесі қарау нәтижесін жеке хабарлайды», - делінген ақпаратта.