Мемлекет басшысы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдина Әбілқасымоваға банк жүйесін тұрақтандыруды және қаржы секторын дамытуды қамтамасыз етуге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
Жаңа Агенттік Алматы қаласында орналасады.