Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 403 адам анықталды, бұл - бұрын-соңды болмаған ең жоғары көрсеткіш. Науқастардың 97-і Алматы қаласында тіркелген. Нұр-Сұлтан қаласында, Қарағанды облысында ондаған адамнан COVID-19 табылған. Бір күнде өсім 5,1 пайызды құраған. Бұл туралы 24 мамырда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Нұр-Сұлтан қаласы - 58 (Барлығы - 1598)
Алматы қаласы - 97 (Барлығы - 2169)
Шымкент қаласы - 33 (Барлығы - 606)
Қарағанды облысы - 90 (Барлығы - 562)
Жамбыл облысы - 10 (Барлығы - 259)
Алматы облысы - 6 (Барлығы - 284)
Түркістан облысы - 33 (Барлығы - 315)
Ақтөбе облысы - 18 (Барлығы - 270)
Батыс Қазақстан облысы - 16 (Барлығы - 386)
Ақмола облысы - 0 (Барлығы - 145)
Атырау облысы - 22 (Барлығы - 879)
Қостанай облысы - 5 (Барлығы - 120)
Шығыс Қазақстан облысы - 2 (Барлығы - 62)
Қызылорда облысы - 5 (Барлығы - 283)
Павлодар облысы - 0 (Барлығы - 177)
Солтүстік Қазақстан облысы - 6 (Барлығы - 46)
Маңғыстау облысы - 2 (Барлығы - 166)
Бір күнде 118 адам жазылған.
13 наурыздан бері Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жиынтығы 8322 адам жетті. 4214 науқас жазылып, 35 адам қайтыс болды.