- Қазақстан мен Ресейдің жүзеге асырылуы жоспарланған сомасы 20 млрд. долларды құрайтын 60 жобасы бар. Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Ресейдің XIII өңіраралық ынтымақтастық форумы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Маған баян етілгендей, қазіргі уақытта бізде сомасы 20 млрд. долларды құрайтын 60 жоба бар. Оларды жүзеге асыруға біздің тарапымыздан толықтай қолдау көрсетілетін болады», - деді ҚР Президенті.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей арасында өзара тиімді ынтымақтастықтың мол тәжірибесі жинақталғанын да еске салып өтті.
«Бұған қоса, өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін пайдаланылмаған әлеует те бар. Біріншіден, біз сіздермен Бірыңғай экономикалық кеңістікте жұмыс істеудеміз. Кеден одағынан Еуразиялық экономикалық одағы сынды толыққан өңірлік бірлестік құрылды. Бүгінде бастамашысы Қазақстан, Ресей және Беларусь болған одақ 5 елді біріктіреді», - деді Назарбаев.
Елбасы бұл одақпен Вьетнам еркін сауда туралы келісімі жасасса, ҚХР, Оңтүстік Корея, Сингапур елдерді де осындай аймақ құруға ниеттеніп отыр.
«ЕАЭО-мен ынтымақтастыққа Үндістан, Мысыр, Иран, АСЕАН елдері сынды мемлекеттер ниетті. Бұл ЕАЭО-ның қажеттілігін білдіреді», - деді ҚР Президенті.