06 там, 2016 сағат 23:05

Галбадрах Отгонцэгцэг қола медаль жеңіп алды

"Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында 48 келіде өнер көрсететін қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг қола медаль жеңіп алды", - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі.

Қола медаль үшін таласта ол кубалық дзюдошымен белдесті. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Галбадрах Отгонцэцэг алғашқы айналымда Гвиней-Бисау дзюдошысы Тасиана Лимадан айласын асырған. Ал оған дейін, Отгонцэцэг жұбаныш белдесуінде мажарлық Эва Черновицкиді таза жеңіспен жыққан еді.

"Ұлт порталы"