10 қар, 2020 сағат 00:19

Дональд Трамп қорғаныс министрі Марк Эсперді қызметінен босатты

АҚШ президенті Дональд Трамп қорғаныс министрі Марк Эсперді қызметінен босатты. Шешім бірден күшіне енген. 

Қорғаныс министрі міндетін атқару терроризммен күрес жөніндегі ұлттық орталықтың директоры Кристофер Миллерге жүктелген.

Президент сайлауының нәтижесін мойындаудан бас тартқан Дональд Трамп Пентагон басшысын қызметінен босатуының себебін түсіндірмеді.