Джакартада өтіп жатқан Азия ойындаында қазақстандық Ділдәш Құрышбаева самбодан әйелдер арасында 48 келіде алтын жүлдеге ие болды. 24 жастағы балуан финалда өзбекстандық Нулифар Давлетованы жеңді. Бұл туралы Азаттық жазды.
Ал ерлер арасында 90 келіде қола қазақстандық Әлібек Зекенов қола медаль алды. Ол үшінші орын үшін өткен белдесуде тағы бір қазақстандық Айбол Айтбектен басым түсті.
Қазақстан самбо құрамасы бұл Азия ойындарында екі алтын, үш қола медаль алды. 31 тамызда Бағлан Ибрагим ерлер арасында 52 келіде жеңіске жеткен.
Джакартадағы Азия ойындарында Қазақстан 14 алтын, 16 күміс, 43 қоламен жалпы есепте 8-орында тұр. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.