Арыста жоғалып кеткен екінші әскери қызметші табылып, емдеу мекемесіне жатқызылды. Бұл жайында ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім етті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өкінішке қарай, бұған дейін келісімшарт қызметіндегі әскери қызметші аға сержант Б.М.Әлімбековтің қаза болғанын хабарланған болатын. Екінші жоғалған әскери қызметші табылды. Қазір ол емдеу мекемесінде жатыр» деп атап өтті министрліктен.
Ведомство мәліметінше, оқ-дәрі жаралыстарының салдарын жоюға жеке құрамның шамамен 1 800 адамы мен 50-ден астам техникасы жұмылдырылған. ҚР Қарулы күштерінің жеке құрамының күшімен жарылыс салдарын жою және төмендету шаралары жүзеге асырылып жатыр.