18 там, 2020 сағат 09:55

Жыл соңына дейін 1 млн 220 мың қазақстандық жұмыспен қамту шараларына тартылады - министрлік

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен селекторлық отырысында жұмыспен қамту шараларын іске асыру барысы қаралды. Еліміздегі қазіргі ахуал туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов баяндады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Еліміздегі барлық мемлекеттік бағдарламалардың әлеуетін ескере, ағымдағы жылы 1 млн 220 мың адамды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланған болатын. Бүгінге 743 мың адам сол шараларға тартылды. Оның ішінде «Еңбек» бағдарламасына қатысуға 379 мың адам ниет білдірді. Оларға шағын кәсіпкерлікпен айналысуға 5 800 жеңілдетілген несие және 17 200 қайтарымсыз тегін грант берілді. Мемлекет тарапынан жалақысы субсидияланатын жұмыс орындарына 156 мың адам тартылды.

«Қысқа мерзімдік оқытумен кәсіпкерліктің негіздеріне оқытуға 34,5 мың адам қатысуда. Қыркүйек айында қосымша 20 мыңнан астам ҰБТ-дан өтпеген мектеп түлектері жұмысшы мамандықтар бойынша тегін техникалық кәсіптік оқуға жіберілетін болады. Жұмыспен қамту орталықтары ашық вакансияларға берген жолдамалары бойынша, 130 мың адамға жұмыс таба алды», — деді министр.

«Еңбек» бағдарламасы бойынша 5 800 шағын несие алған қазақстандық қосымша 6 151 тұрақты жұмыс орнын ашты. Шығыс-Қазақстан, Қостанай облыстары және Шымкент қаласы жақсы көрсеткіштерге ие. 

«17 мыңнан астам берілген гранттардың 51% аз қамтылған, көпбалалы отбасылардағы жұмыссыздарға бағытталды. Бұл бағытта Жамбыл облысы жылдық жоспарға қол жеткізіп қалды, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласы 80% астам орындауда», — деді Нұрымбетов.

«Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша 6 400 жуық жоба іске асырылуда. Жобаларда 154 мың адам жұмыс жасауда. Оның ішінде 73% – ауылдық елді мекендерде, 37% – жұмыссыз жүрген жастар, 17% – кешегі бейресми жұмыспен айналысып жүрген азаматтар және 9% – аз қамтылған отбасылар мүшесі. 

Құрылыс, және жөндеу жұмыстарына ұлттық кәсіпорындардің кемінде 90% тарту талабы сақталуда. 

Ағымдағы жағдайға баға беретін болсақ, жұмысқа тартылған 154 мың адамға 75 млрд жуық қаражат еңбек ақы мақсаттарына жұмсалды, отбасы мүшелерімен қосқанда 600 мыңнан астам адамға табыс көзі қамтамасыз етілді. 

Өңірлерді бағалауға келсек, ақпараттық жүйе негізінде мониторинг бойынша Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласы жоспарланған жұмыс орындарына халықты тартуда жоғары көрсеткіштерге ие.  

Өз кезегінде, Түркістан және Алматы облыстарында жоспарланған жұмыс орындарын ашумен халықты тарту бойынша жұмысты белсендіру қажет. «Жол картасын» қаржыландыруға тамыз айының жоспары бойынша 240 млрд теңге бөлінді. 

Министр мемлекеттік бағдарламалардың әлеуметтік-экономикалық оң әсері жөнінде айтты. Тағы 683 нысан өңірлерде әлеуметтік актив ретінде халыққа қызмет ететін болады. Оның ішінде білім беру саласындағы жаңа 80 құрылыс педагогтерге 10 мың жаңа тұрақты жұмыс орындарын береді. 

Денсаулық, мәдениет, спорт, туризм саласындағы жаңа 60 құрылыс жобасында 20 мың тұрақты жұмыс орны құрылады. 

«153 су шаруашылығы нысанының құрылысы мен жаңғыртылуы суармалы, жайылымдық жерлердің көлемін едәуір арттырып, ауыл шаруашылығында 77 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді деп бағалануда. 400 жуық коммуналдық шаруашылық нысандары, 8 мың км-ден астам калалық, ауылдық жолдар, 900 елді мекенді абаттандыру халықтын өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған», — деді ведомство басшысы. 

Жол картасы қаражатын пайдалана, короновирус індетімен күресу бағытында 13 жаңа инфекциялық емхана құрылысы жүргізілетін болады. Өз кезегінде, қосымша 5 мың тұрақты жұмыс орнын ашылады. Жалпы, бағдарлама аясында 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылады.  

Сонымен қатар, жыл басында әр әкіммен жасалған меморандумдар бойынша өңірлерде биыл 431,5 мың жұмыс орыны құрылуы тиіс. 7 айда  300 207 жұмыс орны құрылған, оның ішінде 149 мыңы – тұрақты жұмыс орындары, 135 мыңы – ауылда. 

Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау, Қызылорда облыстарда тұрақты жұмыс орындар үлесі 70% артса, Ақмола, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында керісінше, уақытша жұмыс орындарының үлесі басым. 

Соңғы айларда халықтың Электронды еңбек биржасын қатысу, пайдалу қарқыны жоғарылауда. Жыл басымен салыстырғанда жұмыс берушілер тарапынан ұсынған вакансиялар саны 8,5 есеге өсіп отыр, өз кезегінде, жұмыс іздеп өз резюмелерін жариялаған адамдар саны 8 есеге өскен. Нәтижесінде 7 айда 333 мың адам ЭЕБ арқылы өздеріне жұмыс тапты, оның 57% – тұрақты жұмыс орындары. 

«Азаматтар жұмыс іздеу мақсатында жұмыспен қамту орталықтарына да белсенді жүгінуде. Орта есеппен айына 60 мың адам жүгінеді. Мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін ресми жұмыссыз ретінде тіркелгендердің саны жыл басынан 8 есе артқан, өз кезегінде, жұмысқа орналастыру көрсеткіші 11 есе артып отыр», — деді Нұрымбетов.

Қосымша, ресми жұмыссыз 50 200 адам Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыссыздыққа қатысты арнайы төлем алуда. Оларға 7 айда 5,5 млрд теңге төленді. 

Сонымен қатар, коронавирусқа қатысты шектеулер салдарынан табыссыз қалған азаматтарға төтенше жағдай кезінде әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы көлемінде  4,6 млн адамға 322 млрд теңге төленген. Соңғы қатаңдатқан карантиндік шектеулер кезінде 2,3 млн астам адамға 147 млрд теңге төленді. Бұл жұмыстар жалғасуда. 

Өз кезегінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру 19 мыңнан астам жұмыс орнын немесе жоспардың 102% құруға ықпал еткенін хабарлады. 

«7 айдың қорытындысы бойынша 42 млрд теңге немесе ағымдағы жоспардың 99,5% игерілді. Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жүзеге асырылып жатқан 817 жобаның 14,4 млрд теңге құрайтын 626 жобасы аяқталды», — деді Ахметов. 

Сонымен қатар, 17 мың адам «Еңбек» бағдарламасына қатысты, оның ішінде 11 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды. Көп балалы және аз қамтылған отбасылар арасында кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. 3,5 млрд теңгеге 704 кредит немесе жылдық жоспардың 83% берілді, оның ішінде 378 млн теңге 96 көп балалы отбасына берілді.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп. 403 млн теңгеге 728 грант, оның ішінде 285 көп балалы және 127 аз қамтылған отбасыға берілді. Өңір басшысының айтуынша, еңбек мобильдігі аясында облысқа 532 адам (200 отбасы)  көшіп келді, бекітілген квота - 600 адам. Жалпы, ағымдағы жылы облыста 45 мың жұмыс орнын құру жоспарланған. Бүгінгі таңда 35 мың жұмыс орны құрылды, ол жылдық жоспардың 78% құрайды. Бұл жұмыссыздықты 4,9% деңгейінде сақтауға мүмкіндік берді. 

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бүгінгі күнге Жамбыл облысында барлығы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 44 488 адам тартылғанын жеткізді. Оның ішінде «Еңбек» бағдарламасымен 30 600 адам, «Жұмыспен қамтудың жол картасымен» 9 359 адам және басқа да мемлекеттік бағдарламалармен 4529 адам қамтылған. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандардың 37 252-і жұмысқа орналастырылды.

«Ағымдағы жылы 20,1 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып, есепті кезеңге 26,1 мың жаңа жұмыс орны құрылып, жоспар 130% орындалды. Осы жұмыс орындарының ішіндегі тұрақты жұмыс орындарының үлесі 63% құрады», — деді облыс әкімі. 

Еңбек нарығына тартылғандардың 45%-ы жұмыссыздар болса, 55%-ы – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Олардың 15,8 мыңы немесе 35,5%-ы – жастар, 7,1 мың адам немесе 15,9%-ы – аз қамтылғандар, 17,5 мыңы немесе 39,3%-ы – әйелдер. Мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмысқа орналастырылды. Бүгінгі күнге  «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 30 600 адам тартылды. 

Б. Сапарбаев атап өткендей, «Еңбек» бағдарламасының халыққа қажетті ең тиімді құралдарының бірі шағын несиелендіру мен өзі ісін бастауға қайтарымсыз гранттар беру болып отыр.  Барлығы шағын несиеге 5,4 млрд теңге қаралып, бүгінгі күнге 634 адамға 2,5 млрд теңгенің несиесі берілді, қаралған қаржының 46,3% игерілді. Қайтарымсыз грант беруге 1,8 млрд теңге қаралып, қаржы толық игеріліп, 3 253 адам грант алды. 

Жұмыспен қамтудың Жол картасын іске асыру нәтижесінде 87 білім беру нысаны жөнделіп, 2,4 мың жұмыс орны құрылады, 54 денсаулық нысанында 1,1 мың жұмыс орны құрылады, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында 179 нысанда жұмыстар жүргізіліп, 8,1 мың жұмыс орны, 208 инженерлік-тасмалдау инфрақұрылымы жаңартылып, 5,5 мың жұмыс орны, 124 елді мекен абаттандырылып, 1,4 мың жұмыс орны құрылады. Тіркелген жұмыссыздар ішінен 2,4 мың адам жұмысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 292,2 млн теңгенің әлеуметтік төлемін алды. 

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында осы жылы 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылғанын, оның 90% - тұрақты жұмыс орны екенін жеткізді.  

«Осының бәрі жалдамалы жұмысшылар санын  214,7 мың адамға, еңбек ақыны - 1,2 есеге және нәтижесінде бюджеттің кіріс бөлігін 1,3 млрд теңгеге арттыруға мүмкіндік берді», — деді Ақсақалов.

«Еңбек» бағдарламасына 13 мың адам тартылды. Жұмыс берушілердің өтінімі бойынша 540 жұмыссыз сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқып жатыр. 660 астам адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Сонымен бірге әрбір екінші адам өз ісін ашты.

Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында 1,9 млрд теңгеге 1,4 мыңнан астам кредиттер мен гранттар берілді. Бұл 1 400 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік жасайды. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 4,8 мың адам қамтылды. Жалпы, қабылданған шаралар кешені халықтың ақшалай табысын 20% арттыруға мүмкіндік берді. 

Еңбек ресурстарының мобильділігін арттыру аясында облысқа 1 425 адам келді. Еңбекке жарамды адамдардың 80% жұмыспен қамтылды.

«Жыл соңына дейін 700 адам қабылдауды жоспарлап отырмыз. Жүргізілген жұмыс көші-қон процесін жақсартып қана қоймай, педагогикалық кадрлардың тапшылығын толық жапты, сондай-ақ медициналық қызметкерлер мен ауыл шаруашылығы мамандарының тапшылығын 20% қысқартты», — деді өңір басшысы. 

Дағдарысқа қарсы шаралар аясында 377 жоба іске асырылды оның 20% аяқталды. Бекітілген кестеге сәйкес 4 мың жұмыс орны құрылды, олардың еңбекақысын төлеуге 1,1 млрд теңге жұмсалды. Сонымен бірге 65% Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырылды. 

«Жұмыспен қамтудың жол картасы өңірдің инфрақұрылымын жақсартып қана қоймайды, сонымен бірге 1 100 бизнес субъектісін тартты, онда 6,8 мың адам жұмыс істейді. Жобаларды іске асыру қорытындысы бойынша 2 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылатын болады», — деді Ақсақалов.  

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде негізгі жоспарлы көрсеткіштердің орындалып жатқанын айтты. Шағын несиелендіруге 4,4 млрд теңге бөлінген, 276 адам жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге шағын несие алды (26%).

«Шағын несиенің аз көлемде берілуі қаражатты тек сәуір айының аяғында алып, оларды мамыр айында кешігіп бере бастағанымызға байланысты. Өңірлердің көпшілігі шағын несие беруді ақпан-наурыз айларында бастады. Өңірдің негізгі бизнесі мал шаруашылығы және малды сатып алу күзде өткізілетіндігін ескергенде, жыл аяғына дейін жоспарлы көрсеткіш орындалады», — деді өңір басшысы. 

Жұмыспен қамту жол картасы бойынша 174 жоба іске асырылуда, 1 тамыздағы мәлімет бойынша 9,7 млрд теңге бөлінді. 17 тамыздағы мәлімет бойынша 4 826 жұмыс орны құрылды, жұмыспен қамту орталықтары арқылы 2366 адам жұмысқа орналастырылды. «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде 13 682 адам жұмысқа орналасты, солардың ішінен 43% немесе 5 825 адам – тұрақты жұмысқа орналасты. 

Жалпы облыс бойынша мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 14 мыңға жуық жұмыс орны құрылды, оның ішінде 35% немесе 4 750-і - тұрақты жұмыс орны.