Алматыда 33 жастағы алаяқ халықты алдап, 35 млн теңгені қолды еткен, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қалалық ПД тергеу бөлімі күдіктіге қатысты бірнеше дерекпен қылмыстық іс қозғаған.
«33 жастағы Түркістан облысының тумасы 2018 жылдан бері бірнеше танысын ЖОО түсуге, ғылым докторы дәрежесін алуға көмектесемін деп алдап келген. Басқаларға ол мемлекеттік бағдарлама бойынша арзан жер алып бере аламын деп уәде берген. Бұл адамдардан ол жалпы есеппен 35 млн теңге алған. Олардың әзірге үшеуі полицияға шағымданды», - деді Алмалы аудандық ПБ басшысы Есен Ысқақов.
Қазіргі таңда ол ПД уақытша оқшаулау орнына қамалды. ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды.