Фото: t.me/VBoreiko
Журналистерге жасалған шабуылдардың үйлестірушісі екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 24 ақпандағы қаулысы бойынша соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, күдікті Т.-ға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы екі айға, яғни 2023 жылдың 22 сәуіріне дейін санкцияланды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін журналистерге жасалған арандатушылық шабуылдардың үйлестірушісі ұсталғаны хабарланған еді.