ОКҚ өткен жиында ЖСН арқылы бөтен адамның сіздің атыңыздан ұялы нөмірді пайдалану қауіптері туралы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мұндай жағдайда немесе сіз бөтен сим-картаны ұстап жүрген жағдайда нақты қандай қауіп барын айтып бергіміз келеді. Түптеп келгенде біреудің сим-картасы арқылы сіз бөтен адамның атынан әрекет етесіз. Алайда мұндай жағдайда күндердің күнінде сим-картаңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін. Себебі, оның иесі басқа біреу. Ол адам кез келген уақытта операторлық кеңсеге келіп, өтініш жазып, сим-картаны бұғаттай алады. Оператордың кеңсесінде ол қоңыраулардың, СМС пен интернет-трафиктердің детализациясын жүргізіп, нөмірдің атынан кімге қашан қоңырау шалынғанын біле алады», - деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникация комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко.
Оның айтуына қарағанда, мұндай нөмір аяқ астынан бұғатталып қалса, азамат ол нөмірде тіркеліп тұрған ақшаны алып, басқа нөмірге аудара алады. Себебі, нақты нөмірдің иесі де сол.
«Ал егер сіздің атыңыздан біреу сим-картаны пайдаланған жағдай туралы айтып берейін. Ол сим-картаңыз арқылы белгісіз біреу заңға қайшы әрекет ете алады. Бұлай болса, құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұялы операторларға өтініш жіберіп, ең бірінші сізге келеді. Бірақ, тәртіп сақшылары сіздің атыңызды жамылып, бұл қылмысты жасаған адамды іздейтіні анық. Сіздің де мазаңыз кетуі мүмкін. Коллекторлық фирмалар туралы да білесіздер: кейбіреулер бөтен сим-картаны пайдаланып, несие алып, нөмірді лақтырып жібере алады. Ақыры, коллекторлар сіздің мазаңызды ала бастайды», - деді спикер.
Еске сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын Виталий Ярощенко ұялы байланыс қызметінің үзілу себебін атаған болатын.
«Естеріңізде болса, былтыр жыл бойы түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Сол кезде телефон нөмірлерін тіркеу туралы ескертулер жасалды. Себебі, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап сим-картаны жоғалтып қана қоймай, телефонға автоматты түрде тіркелмеген сим-карта бекітіліп кетеді. Тиісінше, бекітілген мәліметтердің барлығы ІМЕІ-кодтардың мәліметтер базасына келіп түсті. Операторлар телефоныңызға қызмет көрсету кезінде мәліметтер базасындағы ақпаратты телефоныңыздағы мәліметпен салыстырады. Сәйкессіздік анықталса, оператор мұндай құрылғыға қызмет көрсетуді тоқтатады», - деді ол.