Коллаж: Halyq Uni
Жоғарғы сот журналистер Сейітқазы және Әсет Матаевты ақтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жоғарғы Сот Бас Прокурордың наразылығы бойынша сотталғандар Сейітқазы Матаев пен Әсет Матаевқа қатысты қылмыстық істі қарады.
24 маусымда Жоғарғы Сотқа келіп түскен наразылықта Бас Прокурор іс үшін елеулі маңызы бар мән-жайлар бойынша сот тергеуінің толық болмауына байланысты іс бойынша шығарылған сот актілерінің күшін жоюды және қылмыстық істі апелляцияға жаңадан қарауға жіберуді сұрады.
Бүгін, 19 шілдеде 7 судьядан тұратын Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы наразылықты қарап, сот актілерінің күшін жойды.
Сейітқазы және Әсет Матаевтардың әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды" - делінген хабарламада.
ҚПК-нің 39-бабына сәйкес ақталғандардың қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеттіру құқығы танылған. Наразылық ішінара қанағаттандырылды.