30 шіл, 2022 сағат 22:22

Жеті науқасқа қайтыс болған адамдардың органы салынды


Қазақстанда алты айдың ішінде 104 орган трансплантациясы жасалды. Органдардың басым көпшілігі тірі донорлардан, тек 7-еуі өлген адамдардан алынған. Осылайша, өлген екі адамның органдары хал үстінде жатқан жеті адамды аман алып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

2021 жылы 171 трансплантация жасалды, төрт өлі донордың 10 мүшесі пайдаланылды. Қазақстанда трансплантология дамып келеді, алайда мәйіт донорлығына қатысты жағдай әлі де көңіл көншітпейді.

Қазақстанда дәрігерлер кеңесі адамды құтқару мүмкін емес деген шешім қабылдаған жағдайда, тұрғындар egov.kz порталында өз органын алуға келісетінін немесе келіспейтінін білдіре алады.

18 000 адам бұл мәселе бойынша шешім қабылдады: 17 мыңы қарсы болды, мың адам қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісті.