Фото: aa.com.tr/ru
Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 14 мыңнан асты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Ел президенті Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, жер сілкінісінен 14 014 адам қаза болып, 63 794 адам жарақат алған.
Бұған дейін 12 мыңға жуық адам қаза тауып, 63 мыңға жуығы жарақат алғаны хабарланған еді.