Желіде тараған видео кадры
Желіде жер сілкінісі кезінде тоңазытқыш адам өмірін құтқара алатыны туралы ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Хабарламада тоңазытқыштар жоғарыдан құлаған ауыр бетондарды ұстап тұрғаны айтылады.
"Біздің Түркиядағы ТЖ қызметкерлері жер сілкінісі болған жағдайда ең қауіпсіз жер тоңазытқыштың жаны (көбісі аман қалған) екенін айтады", - делінген WhatsApp желісінде тараған хат мәтінінде.
"Міне, нұсқаулардың бірі: тоңазытқыштың маңайы - қауіпсіз жер. Мен, әрине, тоңазытқыштың жаны ең қауіпсіз деп айтпаймын, бірақ қанша пәтерді қарадық - бәрінде төбені тоңазытқыш көтеріп тұр. Түсіндіңіз бе? Тоңазытқыш майысып қалмайды. Содан кейін тоңазытқышта тамақ пен су - барлық қажетті бар. Мен әлі осындай 500 кадр түсіре аламын. Қайда барсаңыз да - барлық жерде осындай жағдай. Ол қалай да жаншылып қалмайды. Маған қызығы, оның үстінде 10-15 қабат плитка жатыр, бірақ ол ұстап тұр", - дейді аудио-хабарламада ер адамның дауысы.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі қазақстандық құтқарушылар бұл ақпаратты растай алмағанын хабарлады.
"Біз жігіттерімізден - қазір сол жерде (Түркияда - авт.еск.) жұмыс істеп жатқан құтқарушылардан сұрадық. Олар мұндайды көрмеген. Бәлкім, бұл басқа аймақтарда түсірілген суреттер шығар. Сондықтан бұл ақпаратты растай да, жоққа шығара да алмаймыз", - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.