Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 30 қарашада «Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрыққа қол қойды.
Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 121-бабының 4-тармағына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді. Қағидаларға сәйкес Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы жедел медициналық жәрдем қызметінің, оның ішінде Қазақстан Республикасында медициналық авиацияны тарта отырып қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын орталық болып табылады.
Бұйрықпен толығырақ Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының ресми сайтында https://emcrk.kz/ru/ танысуға болады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған бұйрықтарының тізбесі:
1. «Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығы;
2. «Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 933 бұйрығы;
3. «Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 8 қаңтардағы № 2 бұйрығы;
4. «Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 22 тамыздағы № ҚР ДСМ-113 бұйрығы;
5. «Санитариялық авиация нысанында медициналық көмекті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 933 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № ҚР ДСМ-143 бұйрығы;
6. «Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № ҚР ДСМ-54/2020 бұйрығы.