ДДҰ осы жазда Еуропада COVID-19 жұқтыру деректері артады деп болжайды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
"Соңғы айда Еуропада коронавирусты жұқтыру жағдайының саны үш есе өсті", - деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа бойынша аймақтық бюро директоры Ханс Клюге.
Ұйым деректері бойынша, қазір Еуропаның 53 елінде күн сайын 500 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырып жатыр. Күнделікті өлім-жітім 2020 жылдың жазғы деңгейіне сәйкес келеді, яғни күніне 500-ге жуық адам қайтыс болады.
«Еуропа елдері бұрынғы шектеулерді алып тастағандықтан, жазда вирустың таралу деңгейі жоғары болады. Елдер оны бақылауды тоқтатқандықтан, вирус жойылмайды. Ол әлі де таралып, әлі де өзгеріп және әлі де өмір сүріп жатыр», - деді Клюге мырза.
ДДҰ COVID-19-дың алдын алу бойынша ұсыныстарды күшінде қалдырады: ұйым уақтылы вакцинациялауға және қоғамдық орындарда бетперде киюге және аурудың белгілері бар адамдарды оқшаулануға шақырды.
«Халық иммунитетінің жоғарылауы және егде жастағы адамдар үшін тәуекелдің (жұқтыру. - «ъ») төмендеуі бойынша қабылданған шаралар осы жазда одан әрі өлімді алдын алудың кілті болып табылады», - деді Ханс Клюге.