28 нау, 2022 сағат 11:10

Жауынгерлік-даярлық бағдарламасы қайта қаралуда



Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 наурызда Қарулы күштердің басшылығымен өткен кеңесте әскерлерді қондырудың жаңа әдістерін енгізе отырып, жауынгерлік-даярлық бағдарламасын қайта қарауды тапсырғаны белгілі. Осы бағытта нақты қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы, жауынгерлік-даярлық департаменті басқармасының аға-офицері, полковник Қанатбек Әсемов айтып берді, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Оның айтуынша, қазіргі заманда жауынгерлік-даярлықтың мағынасы - қойылған әскери тапсырмаларды соғыс кезінде орындау үшін, бейбітшілік уақытта іс-шараларға дайындау болып табылады.

«Сонымен қатар қаңтардағы оқиғаларды талдау нәтижелері бойынша және әскери жанжалдардың тәжірибесін, мемлекеттік қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы Қарулы күштері жауынгерлік-даярлықтың бағдарламаларын қайта қарау қажеттілігі туындады. Әскерлерді даярлау қазіргі кезде жоспар бойынша жүргізілуде. Қазіргі таңда тәжірибелер қалада ұрыс жүргізілген кезде арнайы мақсаттағы бөлімшелерді даярлау практикасы, әскери тактикалық өзгеріс енгізілді. Төтенше жағдай режимін қолдау мәселелері бойынша, бөлімше командирлерімен тактикалық сабақтар өткізілді. Оған қоса ұшқышсыз ұшу аппараттарымен күрес тәсілдері әзірленіп, жалпы әскери бөлімшелерді даярлауға енгізілді», – деді Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы, жауынгерлік-даярлық департаменті басқармасының аға-офицері, полковник Қанатбек Әсемов.

Полковниктің айтуынша, жауынгерлік-даярлық жоспарлар мен бағдарламаларына қаңтар оқиғаларын ескере отырып, құқықтық режимдерді қолдау және жүйелі негіздеу бөлімшелерді даярлау ұйымдастыру үшін, терроризмге қарсы теракттерге қатысу тақырыбы бойынша өзгерістер енгізілген.

«Жауынгерлік-даярлық жоспарлар мен бағдарламаларына өзгерістер жеке құрамның оқыту деңгейін арттыру, және соның салдарынан Қазақстан Республикасы Қарулы күштері жауынгерлік әзірлігін арттыру мақсатында ұдайы өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Оқу материалдық базасы толығымен пайдаланылады», – деді полковник Қанатбек Әсемов.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 наурызда Қарулы күштердің басшылығымен өткен кеңесте әскерлерді қондырудың жаңа әдістерін енгізе отырып, жауынгерлік-даярлық бағдарламасын қайта қарауды тапсырғаны белгілі. Осы бағытта нақты қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы, жауынгерлік-даярлық департаменті басқармасының аға-офицері, полковник Қанатбек Әсемов онлайн-брифингте айтып берген болатын. Оның айтуынша, қаңтардағы оқиғаларды талдау нәтижелері бойынша және әскери жанжалдардың тәжірибесін, мемлекеттік қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы Қарулы күштері жауынгерлік-даярлықтың бағдарламаларын қайта қарау қажеттілігі туындаған.