Тамыз айында халықаралық Армия ойындары аясында өтетін тактикалық мерген конкурсы басталады. Әр елден келген әскери қызметшілер жауынгерлік шеберліктерін жеке және топ құрамында да орындап, оқ атудан жарысады, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Қарулы күштер арнайы операциялар қолбасшысының орынбасары, полковник Абай Абдуллаевтың айтуынша, 2022 жылы Армия халықаралық ойындары аясында өткізілетін тактикалық мерген сайысы осы жылы қарағанды облысында «Спасск» оқу-жаттығу полигонында өткізуге шешім қабылданған.
«Бекітілген ереже мен тәртіптер бойынша конкурсқа қатысушы ел негізгі топ ретінде он адамды тағайындап, оның ішінде әртүрлі лауазымды тұлғалармен бізге жіберу керек. Шарттары бойынша қатысушы ел он адамды іріктеп жібергеннен кейін олар төрт этаптың аясында төрт конкурсқа қатысуға дайын болу керек. Бірінші этапты өткізу барысында ол жеке дара дайындығы. Ол әр мергеннің қысқа мерзім ішінде белгілей біліп, айқындай біліп және оны дәлелдеп жоя білу керек. Екінші этап барысында жауынгерлік жүк дейді. Соның дайындығы және өзара іс-қимыл жасай білу деңгейі тексеріледі. Үшінші этап барысында ол топ құрамында қимыл жасау керек. Төртінші этап конкурстың ережесінен тыс сынақ. Жалпы, бекітілген ереже бойынша 12 елден астам ниет білдірушілер ішінде толық құрамамен келе жатқан дайын алты ел бар», – дейді полковник Абай Абдуллаев.
Оның айтуынша, осы жылы бекітілген ережелер бойынша, бірінші кезең қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жағдайды тез сынап, жағдайды мәлімдеп, нысананы белгілеп, оны дәлелдеп, оны жою барысында неғұрлым аз уақыт кетеді, соғұрлым ұпай жоғары болады. Оның барысында конкурсты дұрыс әрі ашық өткізу және ашық баға беру үшін тағайындалған әкімшілік және нұсқаушылар бекітілген.
«Бұл халықаралық армиялық ойындар аясында өткізіліп отырған екінші конкурс. тактикалық мерген конкурсы. Біріншісінде өткен жылы Ресей федерациясында Ризант оқу-жаттығу полгионында біздің құрама үшінші орын алды. Осы жылы Қазақстан Республикасында өткізу туралы шешім қабылдағаннан бері ниет білдіруші он екі ел. Оның ішінде Орта Азия елдерін атап өтсек болады. Оның ішінде Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, өзіміздің ел. Қазақстан Республикасының толық құрамалыр дайын. Одан бөлек Ресей Федерациясының құрамасы, Қытай Халық Республикасы, Мали, Крагуа-Чико сияқты елдер өз ниеттерін білдірген.
2016 жылдан бері Армия халықаралық ойындары шеңберінде өткізіліп отырған байқауға осы жылды қосып санасақ, алтыншы рет қатысудамыз. Алты жылдан бері біздің құрама жүлделі орындарды иеленіп жүр. Құрама іріктеуден өткізіліп, Алматы облысында орналасқан тау дайындығы орталығында бүгінде конкурсқа қатысуға дайын. Ниет білдіруші ел саны осы жылы тоғыздан астам. Оның ережелері бойынша құраманың тобы жиырма адам болу керек, оның негізі тобы он екі адам, қосалқы тобы сегіз адам болу керек», – дейді Қарулы күштер арнайы операциялар қолбасшысының орынбасары, полковник Абай Абдуллаев.
Полковниктің айтуынша, Қазақстан қарулы күштердің өкілдері, оның ішінде мамандарымыз арнайы операция қолбасшыларымыз, түрлі қатысушылар бірінші орында халықаралық ынтымақтастықты арттыру мақсатын және көрші елдердің қарулы күштерімен тәжірибе алмасу мақсатын орындайды. Үшінші кезекте отанымыздың қорғаныс өнеркәсібі өнімдерін қолдана білу тәжірибесін айқындайды.
«Тактикалық мерген конкурстарына қатысу үшін өте күрделі және кешенді іріктеуден өткіздік. Ол бір күн емес, бір ай емес, бірнеше айлардың қатарынан біздің жауынгерлер өз әскери бөлімдерінен жеке дара болып, жеңіп шығып, өңірлік қолбасшылардың қатарында өткізілген конкурстарды жеңіп, бүгінгі күнде өз конкурстарына қатысуға дайын», – дейді ол.