Фото: pixabay.com
Ташкент облысы Аққорған ауданында 16 жастағы жасөспірім анасын өлтірді деген күдікке ілінді. Қылмыстық іс бойынша айыпталушылар - күдіктінің кәмелетке толмаған екі танысы, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы Gazeta.uz басылымына сілтеме жасап.
Өзбекстан Бас прокуратурасы өкілі оқиға 31 шілдеде сағат шамамен 21:00-де болғанын айтқан. Басылым мәліметінше, отбасылық жанжалға байланысты жасөспірім үйге кәмелетке толмаған екі танысын шақырып алған. Сөйтіп, олармен бірге анасын өлтірген. Олар әйелдің денесін үйдің жертөлесіне жасырған.
Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 97-бабы 1-бөлігі (Қасақана кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ал күдіктілер ұсталған.