16 ақп, 2022 сағат 22:21

Жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған қарудың қай бөлігі табылғаны белгілі болды


Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ұрланған қарудың қай бөлігі табылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құқық қорғау органдарының ғимараттарын басып алудың негізгі мақсаты - атыс қаруын иемдену. Атап айтқанда, Алматы облысында полиция департаменті ғимаратынан 53 автомат, 367 тапанша, 1 гранатамет, сондай-ақ 23 мыңнан астам патрон ұрланған. Жамбыл облысында - 209 автомат, 134 тапанша, 11 гранатомет, бір пулемет және 40 мыңға жуық патрон», - деді Қилымжанов. 

Оның айтуынша, Алматы резиденциясында қиратулардан кейін 130 қару мен оқ-дәрілердің жетіспеушілігі анықталды. Соның арасында - 80 граната, 17 тапанша, 11 автомат, 21 гранатамет және снайпер мылтығы. 

«Сондай-ақ, он аңшылық дүкен тоналды, сол жерден 1 629 мылтық ұрланды. Жалпы алғанда, үш мыңнан астам қару ұрланған. Осы көлемнің тек үштен бірі немесе 967 -сі ғана табылды. Ал екі мыңнан астамы, соның ішінде гранаталар, пулеметтер, мылтықтар, тапаншалар мен гранатомет әлі де қылмыскерлердің қолында», - деді Бас прокуратура өкілі.