04 ақп, 2022 сағат 22:13

Жаппай ереуіл бойынша тергеліп жатқан істің басым бөлігі - тонау мен ұрлық


Қаңтар оқиғасына қатысты тергеліп жатқан істің басым бөлігі тонау мен ұрлыққа қатысты. Бұл туралы ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Лаңкестік актілер мен жаппай тәртіпсіздік себептері мен оларды ұйымдастырған тұлғаларды анықтау бойынша тергеуді арнаулы прокурорлар жетекшілік ететін ведомствоаралық жедел-тергеу топтары жүзеге асырады. Өз кезегінде, ішкі істер органдары жаппай тәртіпсіздік аясында жасалған басқа да қылмыстар бойынша тергеуді жалғастырып жатыр», - деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында. 

Санжар Әділовтің атап өтуінше, қазіргі уақытта ішкі істер органдары тергеушілерінің іс жүргізуінде 2 285 қылмыстық іс бар. 

«Оның негізгі бөлігі - ұрлық пен тонау. Бұл - 1 674 іс немесе жалпы тіркелгендердің жалпы санының 73 пайызын құрайды», - деді департамент бастығы.