Фото: kenesh.kg
Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Эрбол Султанбаев Жогорку Кенеш депутатының Қазақстанға және суармалы суға қатысты мәлімдемесіне пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Kaktus Media сайтына сілтеме жасап.
Султанбаев депутаттардан көрші елдерге қатысты сын айтқан кезде және халықаралық қатынастар мәселесінде абай болуды сұрады.
"Депутат та саяси тұлға. Әрбір айтқан сөздеріңіз халықаралық аренада ескеріледі, артынан реакция тууы да мүмкін. Аллаға шүкір, бүгінде барлық елмен, соның ішінде көршілерімізбен де жақсы қарым-қатынастамыз. Әрине, белгілі бір мәселелер бар, бірақ жалпы алғанда жаман емес. Біз барлық мәселені екі жақтың мүддесін ескере отырып, келіссөз арқылы шешеміз", - деді ол.