22 қар, 2021 сағат 11:16

Жаңаөзендегі букмекерлік кеңседе клиент шу шығарды


Жаңаөзенде букмекерлік кеңсе клиенті жанжал шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Басылым мәліметінше, 23 жастағы ер адам нысанға келушілердің мазасын алған. Осыдан кейін мекеме басшылығы одан сыпайы түрде ғимараттан шығуын өтінеді, бірақ ол өтінішке құлақ аспаған.

"Жігіт тағы да төбелес шығарды, сол кезде қызды ұрып жіберді. Кейін оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері оның үстінен Қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады", - деп жазады басылым.

Бап санкциясы 2000 АЕК мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, не 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не екі жылға дейін бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.