Ішкі істер министрлігі жаңадан құрылған үш облыста тіркелетін автокөлік кодын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бүгінгі күні Қазақстанда көлік құралы тіркелген өңірді белгілеу кезінде 1-ден 17-ге дейінгі цифрлар қолданылады.
"Мемлекеттік тіркеу нөміріндегі өңірлердің цифрлық белгісі өңірдің атауына қарай мемлекеттік тілде әліпби тәртібімен беріледі. Осыған байланысты жаңадан құрылған үш облысқа мемлекеттік нөмірлердің өңірлік кодтарын мынадай тәртіппен белгілеу ұсынылады: Абай облысы – 18, Жетісу облысы – 19 және Ұлытау облысы - 20", - делінген ресми хабарламада.
Алайда жаңа облыстардың тұрғындары мемлекеттік тіркеу нөмірін ауыстыруға міндеттелмейді. Бұрынғы нөмірмен жүре беруге болады. Ал жаңадан тіркелетін көліктер жаңа коды бар нөмір алады.