Жамбыл облысында карантин режимі мен санитарлық нормаларды сақтау бойынша тексеруді жүзеге асыратын мобильді топ Тараз қаласында, Байзақ және Қордай аудандарында 6 отбасылық іс-шараның өткізілгенін анықтады,- деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Нақтырақ айтсақ, мобильді топтар ұжымдық туған күн кештері, үйлену және сүндет тойларының өткізілгенін анықтаған. Аталған іс-шаралардағы жалпы қонақтар саны 300-ден астам адамды құраған. Шақырылғандардың қатарында 5-тен 73 жасқа дейінгі адамдар бар.
Барлық қонақтарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ал іс-шараларды ұйымдастырушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Сонымен қатар, тек 1 тәулік ішінде әлеуметтік нысандарды уақытылы дезинфекцияламау, маска режимін және әлеуметтік арақашықтықты сақтамауға байланысты 14 бұзушылық анықталды.
Сонымен қатар, крантин талаптарын бұза отырып жұмыс істеген компьютерлік клуб белгілі болған.
«Жалпы 5 шілде мен 5 желтоқсан аралығында түрлі 12 мыңнан астам нысанға рейд жүргізілді. Карантин режимін сақтау бойынша 51 мониторингтік топ нысандарда 819 заңбұзушылықты анықтап, жиналған материалдар әкімшілік жауапқа тарту мақсатында тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша жалпы сомасы 60 007 578 теңгеге 503 айыппұл салынған», - дейді Полиция департаментінің ЖПҚБ бастығының орынбасары полиция майоры Манас Әбдікәрімов.