06 жел, 2021 сағат 11:49

Жамбыл жүк тасымалының бастығы 800 мың теңге пара алды деп айыпталды


ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Жамбыл облысы бойынша ҰҚКД-мен бірлесе жүргізген жедел іс-шаралар аясында 800 мың теңге көлемінде пара алған «Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі» ЖШС «ҚТЖ - Жүк тасымалы» филиалының бастығын әшкереледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған лауазымды тұлға қабылданған жылдық есептерді оң қарағаны және одан әрі қамқорлығы үшін ақшалай қаражат алған.

Өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Тергеу жалғасуда.