Полиция әлеуметтік желілерде Жамбыл облысындағы жарылыстар туралы жалған ақпарат таратқан ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
27 тамызда Instagram әлеуметтік желісіне мониторинг кезінде полиция белгісіз ер адам Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімнің аумағындағы жарылыстардың қуаты күшті екенін, сондықтан оны жою мүмкін емесін, сонымен қатар, денесі жұлынған адамдар барын айтқан видео анықтады.
"Бұл хабарлама шындыққа сәйкес келмейді. Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер Тараз қаласының 26 жастағы тұрғынын ұстады. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы, 2-бөлігі, 3-тармағына сәйкес ("Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату") соталды тергеу жүріп жатыр", - деді полицейлер.