© Sputnik / Виталий Белоусов
Жамбыл облысындағы "Шөлдала" шекара бөлімінде әскери қызметкердің қаза табуына қатысты қылмыстық іс бойынша күдікті ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы бойынша шекара қызметі департаментінің әскери қызметкері, қатардағы жауынгер Д.Мираштың қайтыс болуы фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, Қазақстан Қылмыстық кодексінің 451-бабының 2-бөлігі – ауыр зардаптарға әкеп соққан билікті және лауазымдық өкілеттіктерді асыра қолдану бойынша тергеу жүріп жатыр.
Істі Қазақстан ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының Тараз бөлімі тергеп жатыр.
"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі ҚазАқпарат агенттігіне.
Басқа ақпарат жария етілмейді.