27 жел, 2021 сағат 13:28

Жамбыл облысында 54 миллион теңге жымқырған балабақша қызметкері сотталды


Жамбыл облысында 54 миллион теңге бюджет ақшасын ұрлаған балабақша қызметкері сотталды.

Қаржы мониторингі агенттігінің ақпаратынша, "Qamqor" әлеуметтік жобасы аясында Жамбыл облысы Сарысу ауданы білім бөлімінің "Ақбота" балабақшасында бюджет қаржысын жымқыру фактісі анықталды.

Балабақшаның бюджет жөніндегі жауапты қызметкері Д.Әбибуллаев қызметтік жағдайын пайдаланып, 2018-2021 жылдар аралығында өз шотына заңсыз ақша аударып келген. Осылайша ол үш жылда 54 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырған.

Әбибуллаев сот үкімімен 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Шығынның бір бөлігі – 18 миллион теңге өтелді.